Bugin

Алматыға қыдырып келген америкалық азамат бүйрегінен айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

17 жастағы АҚШ азаматы Алматы облысында тауда велосипедтен құлап, көп мөлшерде қан жоғалтқан. Көп ұзамай оны жедел жәрдем қызметкерлері облыстық ауруханаға жеткізген.

2006 жылғы науқас көп мөлшерде қан жоғалтып, ауруханаға ауыр күйде түскен. Тез арада зертханалық талдау жүргізіліп, туристің бүйрегін алып тастау жөнінде шешім қабылданған.

"Шұғыл түрде зертханалық талдаулардың (коагуляция, биохимия, жалпы зерттеулер, инфекцияларды болдырмау) және аспаптық диагностиканың (ультрадыбыстық, МРТ, рентгенография) толық циклі жүргізілді. Сондай-ақ, компьютерлік томографияны жүргізу арқылы, оған сәйкес хирургиялық араласу көлемін анықталды, тамырлардың ерекшеліктерін, бүйрек пен несепағардың орналасуын бағаланды. Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері бойынша бүйректің ауыр жарақаты байқалып, оның қызметін қалпына келтіру мүмкін еместігі көрінді. Бүйректі алып тастау үшін шұғыл нефрэктомия операциясын жасау туралы шешім қабылданды", – дейді уролог Қожай Мадигулов.

Баласының өмірін сақтап қалған дәрігерлерге анасы Евгения Лапиктің алғысы шексіз. 

"Менің ұлым қатты жарақат алып, тауда демалу кезінде көп қан жоғалтты. Біз аурухана басшылығының атынан үлкен қолдауды сезіндік, әрбір хирургқа және әрбір урологқа алғыс айтамыз. Дәрігерлер менің ұлыма барынша көмек көрсетті", – дейді науқастың анасы.

Айта кетейік, Евгения Лапик пен оның ұлы Ром Робенсон – жақында Америкадан келген туристер. 

35 жастағы турист судан уланып көз жұмды