Bugin
Қазақстанның екі қаласында концерт беріп, басы дауға қалған ресейлік әнші Земфира қазақстандықтардан кешірім сұрады.
Айта кетейік, белгілі өнер иесі Земфира Қазақстанда өткен концерттің ұйымдастыру жұмыстарына көңілі толмағанын айтып, желідегі жазбасында “Қазақстан” атауын кіші әріппен жазып қойған болатын.
Әнші жазбаны асығыс жариялағанын айтып ақталды.
“Қазақстан, сіздерді ренжіткім келмеді. Жазбаны барынша қысқа әрі асығыс, тыныс белгілеріне мән бермей жаздым. Кешірім өтінемін. Менің барлық тыңдарманым керемет. Оның ішінде Қазақстан да бар. Расымен, құшақ жая қарсы алды”, – делінген жазада.