Bugin
Әлем чемпионы Тайсон Фьюридің әкесі Джон Фьюри баспасөз мәслихатында шу шығарды.
Оқиға Манчестердегі AO аренасында Томми Фьюридің жекпе-жек алдында өткен баспасөз мәслихаты кезінде болды.
Жекпе-жек 14 қазанда өтеді деп жоспарланған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 59 жастағы бокс ардагері "отбасына қатысты айтылған сөздерге реакция білдіріп, осылай жауап беруді ұйғарған".
"Мен машинамын! Біз күрескерміз! Менің ұлым онымен жекпе-жекке шығады. Ал мен осы ғимараттағы кез келген адаммен төбелесемін. Бастайық" - деді Джон.