Bugin

Некесін қиған ерлі-зайыпты қазақстандық жұп көпшілікті таңғалдырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сүйіктісіне ұсыныс жасап, қазнетті шулатқан ергежейлі шариғат бойынша некесін қиды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы видео "Иманды елім" Іnstagram-парақшасында пайда болды. Кадрда жақында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған ер азамат пен болашақ жары шариғат бойынша неке қидырып жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары бұл жұпты сынның астына алып, пікір қалдырған.

"Жаным ау, басқа бай таппадың ба?" "Мына қыз өзін аямайды екен", "Қыз өз өміріне балта шауып отыр. Екеуі ұзаққа бармайтын шығар", "Қарт ана отыр уайымға салынып, қатты сөз жазбаңыздар, онсыз да қиналып келген ана ғой", "Мына жігіт неге өзі секілді ергежейлі қыз алмайды", - деп жазды олар.

Өткен жылы 128,4 мың неке қиылып, 44,5 мың жұп ажырасқан – статистика 

Талдықорғанда жас әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді