Bugin

Петропавлда көшеден табыт табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Петропавлдағы көшелердің бірінен бос табыт табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерге жасалған мониторинг кезінде Петропавлдың солтүстік бөлігіндегі аудандардың бірінде өлгендерді жерлеуге арналған арнайы жәшік табылғаны туралы ақпаратқа талдау жасалды", - деп хабарлады полиция.

Полицейлер бұл арнайы жәшікті "Qyzyljar qalalyq meshiti" мешітінің мәйітханасының қызметкерлері одан әрі кәдеге жарату үшін ғимараттан алып шыққанын анықтады.

"Қазіргі уақытта жәшік ғимаратқа әкелінді", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, "Петропавл Ресейдікі" деген адамға байланысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік.