Bugin
Болгариялық ер адам 11 жасар қазақстандық футболшыны ұрған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Болгарияның Обзор қаласында баламды футбол жарысына жібердім. Шынымды айтсам, Болгария азаматтарының Қазақстан азаматтарына көрсеткен қылықтарына таңғалдым! Бүгін 11 жастағы бір баламызды ойында Болгария командасы мүшесінің ата-анасы ұрып тастады", – деді Бейімбетов.
Оның айтуынша, Болгария тұрғыны қазақтарды "моңғолдар" деп қорлап, Өзбекстан азаматтарына да қол көтерген.
Әзірге Сыртқы істер министрлігі бұған жауап бермеді.