Bugin

85 жастағы әжей ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапондарда "икигай" деген түсінік бар. Ол "өмірдің мәні" деген мағынаны білдіреді. Жапониялық диетолог Мичико Тамиока қатерлі ісікті жеңген 85 жастағы анасының "икигайымен" бөлісті. Бұл ережелер қарт әйелдің күннен күнге өзін бақытты әрі сау сезінуіне көмектеседі.

Бұл туралы Bugin.kz порталы massaget.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.

- Менің анам көптеген өңделген өнімдерден бас тартты, ол ет, майлы және қуырылған тамақ, тәтті жемейді және алкоголь ішпейді. Бұл саналы диетаны ол әлі күнге дейін сақтайды, - дейді Мичико Тамиока. – Оның рационында денсаулыққа пайдалы өнімдер көп. Сондай-ақ оның рационында қабынуға қарсы мына өнімдер бар:

годжи жидектері;
даршын;
теңіз қырыққабаты;
зімбір;
көк шай;
құрамында омега-3 майлы қышқылдары көп теңіз өнімдері;
ферменттелген өнімдер.

Күлуге себеп табыңыз

- Менің анам үнемі былай деп айтады: "Шағымдар тек жаңа шағымдарға әкеледі, ал ризашылық пен күлкі адамдарды бақытты етеді", - деп жалғастырды Мичико Тамиока. – Анам комедиялық шоуларды және интернеттегі күлкілі видеоларды жиі қарайды. Оған қоса, күлкі терапиясының пайдасы жайлы айтылатын зерттеулер де көп. Ол иммунитетті және психикалық денсаулықты жақсартады.

Көмек сұрауға ұялмаңыз

Денсаулықты және рухты сақтау үшін жаныңда әрқашан көмектесуге дайын адамдар барын білу маңызды, - дейді жапон әйел.
 Айналаңызға сондай адамдарды жинаңыз және біреудің көмегінен бас тартпаңыз.

Жоспарлаңыз және оған жақындарыңызды қосыңыз

- Әрқашан тек алға қараңыз, жақында жақсылық болатынына сеніңіз және сол жайлы көп ойлаңыз. Кішігірім болса да, сапарлар ойластырыңыз. Сапарға туыстарыңызбен және жақындарыңызбен шығуға тырысыңыз. Ол кез келген нәрсе болуы мүмкін. Мысалы, дүкенге немесе концертке бірге бару. Бірдеңені тағатсыздана күткен кезде сізде "икигай", яғни сізді бақытты ететін және күнде мотивация беретін мақсат болады.

Орта табыңыз

Жапон әйелдің айтуынша, өзіңіздің кішкентай әлеміңізде ғана өмір сүрмей, қандай да бір қоғамдастықтың бір бөлігі болу маңызды. Мысалы, хорда өлең айтуға, тақырыптық лекцияларға баруға, аспаздық клубтың мүшесі болуға, қайырымдылық шаралар жасасуға болады.

- Менің анам рухани өмір мен дәстүрден жұбаныш табады, - дейді Мичико. – Ол қоғамдастық мүшелерімен, пікірлес адамдармен кездеседі. Олар бірге жұмыстар жоспарлайды. Осы қарым-қатынастар оған емдік әсер береді.