Bugin

Абай облысында көл маңынан адам мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысында жүргізуші көлдің жанында ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

5 тамызда сағат 19:30 шамасында Тассай ауылдық округінің "жағалау" учаскесінде Зайсан көлінің жағасында белгісіз адамның мәйіті табылды.

“Полицейлер 30 жастағы жүргізушіні анықтады, ол мас күйінде болған кезде Subaru Legacy көлігін басқарып, 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен", – делінген хабарламада.

Жаяу жүргінші апат болған жерде мерт болған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары ҚК 345-1-бабының 3-бөлігі "Абайсызда өлім-жітімге әкеп соқтырған, көлік құралдарын басқаратын адамдардың алкогольдік масаң күйде жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде анықталуда.