Bugin

Араб ханзадасы "Манчестер Юнайтед" футбол клубын сатып алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол клубының жаңа иесі – Қатардың мұрагер ханзадасы Джассим атанды.

Шейх Джассим «Манчестер Юнайтедті» иемдену күресінде жеңіске жетіп, клубты 6 млн стерлингке сатып алуды қазан айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Қатар королі отбасының мүшесі британдық миллиардер сэр Джим Рэтклиффтің алдын орап кетті. Рэтклифф клубты сатып алғаннан кейін оның қазіргі иелері – Глейзер отбасына клубтағы үлесін сақтап қалуға мүмкіндік бермек еді.

Глейзерлер Мю-дегі үлесін сақтап, клуб акционерлері қатарында болуды көздеген, бірақ оларға фанаттар тарапынан жағымсыз пікір жауатынын ескертті.

Глейзер отбасы 2005 жылы «Манчестер Юнайтедті» 800 млн фунт стерлингке сатып алған болатын.