Bugin

Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты тың дерек пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің қазір қайда тұрып жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы DALA INSIDE Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Арна мәліметінше, экс-шенеунік қазір Түркияда тұрып жатыр. Осы күнге дейін барымта-сырымтамен тапқан капиталы оған уайымсыз әрі тыныш өмір кешуге мүмкіндік береді.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша, Саматтың түрік жерінен тұрақ табуына президент Ердоған мен түріктің Ұлттық барлау қызметі (Milli İstihbarat Teşkilatı, MIT) рұқсат берген.

Назарбаевтың немере інісі Әмірліктерден, соның ішінде Дубайдан жылжымайтын мүліктің бірнешеуін алып тастағандықтан сонда барса да болар еді. 

Ал Саматтың ағасы Қайрат Сатыбалды былтыр наурызда Дубайға қашқалы тұрған жерде құрықталған. Қазір ол Өскемендегі түрмеде жатыр. ҰҚК-нің экс төрағасы Мәсімов те осы жерде жазасын өтеп жатыр.