Bugin
Атыраулық жасөспірім ұшақ бортында темекі шеккені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Air Astana әуекомпаниясының Атырау – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды.
Ол ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында темекі өнімдерін тұтынған Атыраудың 17 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған құқық бұзушы заңды өкілдерінің қатысуымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1, 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл мөлшерінде салынды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жәсөспірімнің заңды өкілінің үстінен де әкімшілік іс қозғалбды, ол да 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.
Еске салайық, Атырауда жалғыз оқушы үшін жұмыс істеп тұрған мектеп барын хабарлаған едік.