Bugin

Студенттердің стипендиясы қанша болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова Жоғары білім және ғылым форумында студенттердің стипендиясы жайлы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Astana.tv сайтына сілтеме жасап.

"Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есеге өседі. Яғни 26 мың теңгеден 52 мың теңгеге дейін. Соңғы 3 жылдың өзінде университетте оқитын студенттің оқу ақысы 420 мың теңгеден миллион теңгеге дейін өсті. Бұл шамамен 2,5 есе", - деді Дүйсенова.

Министр стипендияны төлеу автоматтандырылғанын атап өтті.

"Стипендияны уақытында төлеу үшін ол Қаржы орталығы арқылы орталықтандырылған. Бұл процестің барлығы цифрландырылады. Ол университет пен министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады",- деді ол.