Bugin

Адасып кеткенде пайдаға асыратын 8 әдіс

Кез келген жерде орын алатын жағдай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шетелге саяхаттап бару немесе елді-мекен жоқ жерде адасып кеткен жағдайда даурығудың қажеті жоқ. Адасқаннан кейін ашуландың да, жылаудың да пайдасы болмайды. Не істеу керек?

 

 

1. Жолды жоспарлау керек

Егер Street View функциясын немесе жергілікті жердің төбеден түсірілген суретін дұрыс пайдалана білсеңіз, дәл осы жолды (карта) көз алдыңызда елестетіп көріңіз. Картадан барлық бұрылыстарға, жолды өзгертіп жүрген бағытыңызға қараңыз.

 

 

2. Сергектік

Алаңдау кезінде адасып кеткен адамның одан әрі шатысуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді сергек ұстап, алдағы жоспарды ойлаңыз.

 

3. Назар аудару

Адасып кеткен кезде біреуге телефон қоңырау шалу, хат жіберу немесе басқа да түрлі қосымша әрекеттер сізді тіпті адастырып жіберуі мүмкін. Бәрін тастаңыз да, жолға назар аударыңыз.

 

4. Жол белгілерін еске түсіру

Жүріп өткен жолда үлкен ғимараттарға, ерекше ағаштарға, ерекше белгілерге мән берген абзал. Адасып кеткен жағдайда дәл осы көмекші құралдар жол табуға көмектеседі.

 

 

5 Артқа қайту

Адасып кеткен адамдардың көп жағдайда артқа бұрылуға жүрегі дауламайды. Себебі мүлде адасып кетуім мүмкін деп есептейді. Ең дұрысы артқа қайту және сол жолда таныс жерлерді іздеу арқылы жолды табу керек.

 

6 Еске түсіру

Адамның жады өте ерекше құрылым. Егер назарды тек бір бағытқа аударып, жүріп өткен жолда тоқтаған, не біреумен сөйлескен сәттерді еске алу арқылы жолды оңай тауып алуға болады.

 

7 Суретке түсіру

Алыс жолға не байланыс аясынан тыс жерде жүруге тура келсе, жүріп өткен жолдағы ерекше жерлерді суретке түсіріп алыңыз. Бұл үлкен пайдасын тигізеді.

 

8 Жүріп өткен жолды ойлау

Адасып кеткен жағдайда, жүріп өткен жолды ойда ойша түсіріп көріңіз. Жолды ой арқылы сызып, осылай жүрдім-ау деген жаққа бет алып көріңіз. Себебі ол жерде сізге керек маңызды дүниелер болуы мүмкін.