Bugin

2 қыркүйектен бастап кімдердің жалақысы өсетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төленетін бұйрыққа қол қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова бұйрыққа қол қойды.

"ҚР Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларының, балық шаруашылығы су айдындары немесе учаскелерін балықтандыру бойынша өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық ақыдан 100% мөлшерде қосымша ақы төленсін" делінген министр қол қойған бұйрықта.

Құжат жарияланған соң 10 күннен кейін күшіне енеді.