Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚостанайда үш жасар қыз терезеден құлап кетті.
Оқыс оқиға 22 тамыз күні сағат 13:30-да 9 шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйде болған. 2019 жылы туған қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап түсті.
Оқиға бала ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған кезде болды.
"Бүлдіршін қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің жарақаты диагноздарын қойды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық", – делінген Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61