Bugin

"Өрескел қателік жіберді": Путин Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер ЖӘК" компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің ұшағы апатында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Путин Пригожин мен оның серіктестерінің өлімі туралы айтты.

"Шынында да, егер олар сонда болса, бастапқы деректер "Вагнер" компаниясының қызметкерлері сонда болғанын көрсетіп отыр", деді ол.

Алайда әлі күнге дейін Пригожиннің қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

"Мен Пригожинді 90-жылдардың басынан бері білетінмін. Тағдыры қиын болған ол өмірде де өрескел қателіктер жіберді. Дегенмен өзім үшін немесе қоғам үшін өтініш жасағанымда, соңғы айлардағыдай, қажетті нәтижелерге де қол жеткізе алды. Талантты адам, талантты кәсіпкер болды", деді Ресей президенті.

Путин ДНР басшысы (өзін-өзі жариялаған) Денис Пушилинмен кездесуінде, Пригожин Африкадан оралған соң Ресейде бірнеше шенеунікпен кездескенін айтты.

Faridaily телеграм-каналының хабарлауынша, Пригожиннің өзі Путинмен 2000-жылдардың басында, New Island мейрамханасына қонаққа келген кезде танысқанын айтқан.

Еске салайық, Пригожинге тиесілі бизнес ұшағы 23 тамызда түнде Тверь облысындағы Куженкино ауылының маңында апатқа ұшыраған болатын.