ДЕНСАУЛЫҚ

"Кәдімгі шылымнан да зиян": Электронды темекінің зардабы қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір көшеде аузынан түтін боратқан азаматтарды жиі көреміз. Ең қорқыныштысы, мұндайды мектеп оқушыларынан да байқауға болады. Жасөспірімдердің арасында трендке айналған зиянды заттар жетерлік. Соның бірі - электронды темекі.

Жастардың көбі "кәдімгі шылым секілді зиян емес" деген сылтауды желеу етіп, аталмыш өнімді қолынан тастамайтын болған. Bugin.kz тілшісі "заманауи темекінің" зиянын анықтап көрді.

Электронды шылымның құрамында никотин кездеседі, ал оның ағзаға тигізетін кері әсері көп. Тұтынған адам тыныс алғаннан бастап, қанға никотин енеді. Сонымен қатар электронды темекіні жиі қолданатындар оған психологиялық тәуелді болып қалады. 

Көбінесе зиянды заттар жүрек-тамыр жүйесіне әсер етеді, склеротикалық және басқа патологиялар дами түседі. Өкпені қоспағанда, бүйрек және басқа да мүшеге зардабы тиеді.

Никотинді ұзақ қолданған адамда қатерлі ісік туындауы мүмкін. Біле білсеңіз, электрондық темекінің денсаулыққа зияны кәдімгі темекіге қарағанда, әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Алайда электронды темекі тұтынатындардың көп бөлігі "зияны аз" деген принципті ұстанатыны тағы бар.

Дене никотинді қабылдағанда, үзіліс жасамайды. Соның салдарынан ішкі жүйеге үлкен салмақ түсіреді.

Барлық деректі ескере отырып, "электронды темекі зиян ба?" деген сауалдың жауабын анықтадық. 

Кез келген шылым денсаулыққа зиян. Ағзаңыздың саулығы үшін жағымсыз әдеттен бас тартқан абзал.