Bugin

"Аяғын скотчпен ораған": Зейнеткерді тонап кеткендер анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында зейнеткердің аяғын скотчпен байлап, дене жарақаттарын салып, тонап кеткен күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері ауыр қылмыстың бетін ашты. Полиция бөліміне қаланың 73 жастағы зейнеткер тұрғыны белгісіз екі азаматтың оның үйіне кіріп, аяғын скотчпен байлап, оған дене жарақаттарын келтіргенін айтып шағымданған. Онымен қоймай қарияның 70 мың теңге көлеміндегі ақшасын жымқырған.

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, күдіктілерді ұстады. Қарияны тонамақ болғандар 1960 және 1981 жылы туған жергілікті тұрғындар болып шықты. Екеуі де осыған дейін осығанн ұқсас қылмыспен сотталғаны анықталды. Олар қылмысты алдын ала жоспарлап, сөз байласу арқылы жүзеге асырғандарын айтты. Қаскүнемдер кінәларын толық мойындады.  

фото: polisia.kz

фото: polisia.kz

Егде жастағы жәбірленушінің  қарсы тұра алмайтынына сенімді болған олар, бағалы тұрмыстық техникаларын алып кету үшін қылмыс орынына қайта оралмақ болған.

Қазір күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша сот алды тергеуі басталды. Бұл қылмыс үшін оларға бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау көзделген.