Bugin
Ақтаудағы ойын-сауық саябағындағы аттракционда балалардың бастары төмен салбырап тұрып қалды.
Ата-аналар балалардың 5-7 минуттай тұрып қалғанын айтады.
"Оларды түсіріп алған кезде бір қыздың басы қызарып кеткен. Қанның бәрі басына кеткен болу керек. Ал баламның іші ауыра бастады. Оқиғадан кейін дәрігерлер де көмек көрсеткен жоқ", - дейді ашуға булыққан ата-ана.
Ата-аналардың бірі оқиға орнына полиция шақырғанын, бірақ полицейді саябаққа кіргізбегенін айтты.
TetysBlu ойын-сауық саябағының әкімшілігі оқиғаның 24 тамызда болғанын растады.
"Шамамен сағат 18:45-те Blu Racer аттракционы тоқтады. Сосын үш минут 37 секунд ішінде келушілер қауіпсіз эвакуацияланды. Аттракцион Tetysblu басшылығының бақылауына берілді", - деп Tetysblu ойын-сауық саябағының менеджері Серік Исағалиев қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.