Bugin
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
"Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды", - делінген хабарламада.
Сапар аясында президенттер екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.