Bugin

Құрманғазы атындағы XII Республикалық орындаушылар конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2023 жылдың 9-14 қазан күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында Құрманғазы атындағы XII Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы өтеді. 
Асқан талант иесі, қазақтың қайталанбас біртуар тұлғаларының бірі Құрманғазының есімін жастар арасында насихаттап, оның қалдырған өшпес мұраларын жаңғыртуға арналған конкурс 1987 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Республикалық байқау биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің 90 жылдық мерейтойымен сәйкес келіп отыр. Бас жүлде қоры 1 500 000 теңге. Ұлттық оркестрдің мерейтойына орай, конкурстың бас жүлдесі «Домбыра» және «Прима қобыз» аспаптары бойынша табысталады. 
Конкурсқа «Домбыра», «Шертер» (үш шекті домбыра), «Қылқобыз», «Прима қобыз» және «Сырнай» (баян, аккордеон) аспаптарында шебер ойнайтын 16-дан 40 жасқа дейінгі талантты өнерпаздар қатыса алады.
 Конкурстың салтанатты ашылуы – 9 қазанда, ал 14 қазанда – Ұлттық оркестрдің ғимаратында конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және Құрманғазы оркестрінің қатысуымен гала-концертпен өтетіні жоспарланған.
     Өтінімдерді қабылдау  konkurs_kurmangazy2023@mail.ru  электронды поштасы арқылы  15 қыркүйекке дейін жалғасады.