Bugin

Түркістан және Кентау қалаларының бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан және Кентау қалаларының бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты үкім шығарды.

Сот шешімімен ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Рашид Аюпов ҚР ҚК-нің 177-бабының 4-бөлігінің б тармағында көзделген "Алаяқтық", сондай-ақ 28-бап "Қылмысқа қатысу", 312 "Пара беру" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ, сот Аюповты жеті жылға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру туралы шешім шығарды.

"Аюповтан сыбайлас жемқорлық қылмыстар нәтижесінде мемлекет кірісіне түскен 422,8 миллион теңге өндірілсін", - деді судья Мекемтас Қажымұхан.