Bugin

Өзбекстан президенті Мирзиеев қызын өзінің көмекшісі етіп тағайындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қызы Саида Мирзиеваны көмекшісі етіп тағайындады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Өзбекстан президенті баспасөз хатшысының Telegram-каналына сілтеме жасап.

"Өзбекстан Республикасы Президентінің тиісті жарлығымен Мирзиёева Саида Шавкатовна Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Саида Мирзиёева - 38 жаста, Өзбекстанның қазіргі президентінің үлкен қызы. Мирзиёева Өзбекстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ойбек Тұрсыновқа тұрмысқа шыққан.