Bugin

Қостанай облысында ер адам көлігін ұрлатып алды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қостанай облысында Лисоковскідегі жанармай құю бекетінде ер адам кофе сатып аламын дегенше белгісіз біреулер оның көлігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Денисов ауданының тұрғыны жанармай құю станциясына тоқтап, кофе сатып алып шыққанда көлігін таппай қалған.
 
Жәбірленуші дереу полицияға жүгінді. Көлікті ұрлаған адам 1 сағаттың ішінде ұсталды. Көлік Лисаковск қаласынан 10 шақырым қашықтықта табылды. Күдікті - сол ауылдың тұрғыны. Полиция көлікті заңды иесіне қайтарып берді, ал ұсталған адамға қатысты соталды тергеу басталды.

Еске салайық, бүгін Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болғанын хабарлаған едік.