Bugin

Пригожиннің өліміне Путиннің қатысы бар ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Вагнер" ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин қаза болған Тверь облысындағы ұшақ апатына Кремльдің қатысы туралы БАҚ ақпаратына пікір білдірді, - деп хабарлайды  Bugin.kz порталы  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Дмитрий Песков ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Пригожиннің өліміне Кремль қатысты болуы мүмкін деген мәлімдемені "өтірік" деп атады.

Оның айтуынша, ұшақ апаты туралы деректер әлі жеткілікті емес.

"Қазір, осы мәлімет туралы хабарлағанда, тек деректерге негізделу керек. Әзірге нақты деректер аз, ол жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері кезінде әлі анықталады. Президент кеше осы тақырып туралы сөз қозғалғанда, болашақта аяқталатын тергеудің нәтижелерін күтетінін айтты. Сонда барлығын егжей-тегжейлі білеміз", - деді Песков журналистерге.

Тергеудің ресми нәтижелері жарияланады, деп сендірді ол.

Сондай-ақ, Песков Ресей президенті Владимир Путин жақында Евгений Пригожинмен кездеспегенін айтты.