Bugin
26 тамызда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, тек Алматы қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.