Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда "барахолка" базарында тағы контейнерлер өртенді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы желіге шықты.
Алматы қалалық ТЖД мәліметі бойынша 26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, "Алмалы" базарындағы жанып жатқан контейнерлердегі өртті сөндірді. Өртенген аумақ 80 шаршы метр болды.
"Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ", - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері өрт болған жерді жедел қоршауға алды.
Еске салайық, Алматыда ресейлік азаматтардың қазақстандықтарды сектаға тартқаны туралы хабарлаған едік.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61