Bugin
Бас қалада кеше жауын-шашын мөлшері айлық нормадан көп түсті. Алайда жол жөндеушілер жауынды ауа райына қарамастан жол төсеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Нөсерлі жаңбырдың астында «жұмысқа берілген жандарды» байқап қалған қала тұрғыны басын шайқап, дәті шыдамай видеоға түсіріп алды.
"Нөсерлі жаңбыр жауып жатқан кезде асфальт салған. Бәрін тегістеген ғой. Масқара! Қаншама миллиардтаған ақша кетеді. Біздің салық төлеушілердің ақшасы. Е117 көшесінен Ұлы далаға дейін созылған ұзындығы 816 метрге жол салуға жауапты мердігер жұмысты көктемде бастады. Кестеден қалып жатқан түгі жоқ. Жол күзде пайдалануға берілуге тиіс. Жаңбыр жауып тұрғанда тасжол төсеуге болмайтынын мердігер ұйым білмейді емес, біледі. Кеше кешкісін қызметкерлерден бөлек, басшылығы да осы маңда болды. Алайда жұмысты тоқтатуға құлық танытпады. Айтуынша, зауыттан асфальт тиеген жүк көлігі кеш келді, ал оны қайтарып жібере алмай, төгуге тура келген"-дейді видео авторы.
"Жаңбыр келеді деген телефоннан болжам бар. Жұмыстарын тоқтаттым. Техниканың бәрін қойдық. Жаңбыр басталғаннан кейін мердігер мені ескертпей, жұмысын қайта бастап, 50 метрдей асфальтты жаңбырдың астынан салып кетті. Бр ескертеміз, екі ескертеміз, сосын ГАСКке жібереміз. Мердігерге сот арқылы айыппұл салады. Ақыры біздің көз алдымызда 50 метрге тарта жол жабындысы толық сырылып тасталды. Ал ережені ескермей, жаңбырға қарамаған мердігер ұйым бұл қылығы үшін миллионға жуық шығынға батты" - дейді техникалық байқау қызметкері Мадияр Әлкенов.