Bugin
Қостанайда мотоцикл жүргізушісі бағанаға соқтығысып, қаза тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 24 тамызда Амангелді кентінде Миляев көшесінде болған. Мотоцикл жүргізушісі тізгінді басқара алмай, жол жиегіне шығып, ұшып кеткен. Сонымен қатар, құлаған кезде бағанға соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.