Bugin

Батыс Қазақстан облысында 200 тонна пішен өртеніп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысында 200 тоннаға жуық пішен отқа оранды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 тамыз күні Жәнібек ауданы Ақоба ауылында болды.

"Сағат 00.44-те Х. Хабиуллин көшесі, 6 мекенжайында алдын ала мәлімет бойынша 150 тонна пішен мен аумағы 108 шаршы метр қора-қопсы жанды. Сондай-ақ, С. Сейфуллин көшесі, 4/1 мекенжайында 36 тонна пішен өртеніп кетті. Адамдар зардап шеккен жоқ. Өрт сағат 05.20-да оқшауланып, 10.48-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде", - деп хабарлады ведомстводан.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, қасақана от қойылуы да ықтимал.