Bugin
Алматыда шаруашылық өндірісте Африка құрлығы елдерінен келушілер анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, Алматының Бостандық ауданындағы "Қазақфильм" ықшамауданындағы корпустардың бірінен Нигерияның 4 азаматы анықталды.
Олар еңбек қызметін заңсыз жүргізіп, жұмысшы болып жұмыс істеген.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады және елден шығарылады.