Bugin

Қазақстандық боксшы не үшін жекпе-жектен шеттетілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий нигериялық Эфе Аджагбаға (18-1, 14 КО) қарсы өткен жекпе-жектің төртінші раундында жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бокс кеші АҚШ-тың Талса қаласында өтті. Қазақстандық төртінші раундта қарсыласының белінен төмен 3 рет ұрып, дисквалификация алды.

Кособуцкий үшін бұл АҚШ-тағы бірінші жекпе-жек болды. Бұған дейін ол негізінен Еуропада өнер көрсетті. Осылайша қазақстандық боксшы АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты.