Bugin

Жаңбыр, бұршақ, жел: 28 тамызда ауа райы қалай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қазгидромет" 28 тамызға арналған Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен табиғат құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

"ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі" делінген хабарламада.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұқсас жаңалықтар:

Желіде жол салушылар жаңбыр кезінде асфальт төсеген видео тарады