Bugin
Қостанай облысында саңырауқұлақ терушілер жолда қыздың мәйітін тапқан. Бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz порталы Alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиғаны Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Кездейсоқ байқап қалдық. Міне, көлігі тұр. Алдыңғы орындықта балалар креслосы бар", – дейді бейнежазба авторы.
27 тамызда сағат 17:00-де Архиповка ауылынан 5 шақырым қашықтықта саңырауқұлақ терушілер өзіне қол салған қыздың денесін тапқан.
Қазіргі уақытта полиция осы факт бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы "Суицидке дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тергеу әрекеттері жүргізіледі, сараптама тағайындалады.
Ұқсас жаңалықтар: