Bugin

Әлемдегі ең арзан үй 460 теңгеге сатылып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-та резервтік бағасы бар болғаны бір доллар (460 теңге) болатын үй сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мичиган штатындағы Понтиак қаласындағы екі бөлмелі бунгало әлемдегі ең арзан үй болуы мүмкін .

Жылжымайтын мүлік агенті Кристофер Хюбель жарнаманы желіде орналастырғаннан кейін көп қызығушылық тудырғанын айтады.

"Жауапқа келетін болсақ, мен жүздеген телефон қоңырауын, жүздеген хабарламаны, жүздеген электрондық хат алдым. Менің телефоныма дамыл жоқ", - дейді Кристофер Хюбель.

Ол сондай-ақ бұл нысанның жөндеуді қажет ететінін мойындады. Үй 1956 жылы салынған және 20 жылға жуық уақыт бойы оның қазіргі иесіне тиесілі болды. 2004 жылы оны сатып алғаннан кейін иесі негізінен жалға алу мақсатында пайдаланған, тіпті 2011 жылы оны 10 000 долларға сатпақ болған.

Дегенмен Хюбель нысанды сатып алу әлі де тиімді және сатып алушы үшін жақсы инвестиция болуы мүмкін деп санайды.

Оның есептеулері бойынша, 25-тен 45 мың долларға дейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады. Жөндеуден кейін үй шамамен 120 мың доллар тұрады.

Бірақ хабарландырудың өзіндік нюанстары бар. Нысан бір долларға сатылымға шығарылған, бірақ бұл оның осы сомаға сатылады деген сөз емес.

"Оны бір долларға сатып аламын деп ойлаған адамдар көп болды. Бірақ кез келген инвестор барлық идея-ұсыныстарды қабылдап, ең тиімдісін таңдайтыны анық", - деді Кристофер Хюбель.

Қазір Хюбель үйді сатып алу туралы ұсыныстарды қабылдап жатыр. Алайда ол 40 000-50 000 долларға сатылады деп ойлайды.