Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда кәсіпкердің үйінен ірі көлемдегі ақша салынған сейфті ұрлаған 34 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
1989 жылы туған Алматылық тұрғын бөтеннің үйіне терезе арқылы жасырын кіріп, ірі көлемдегі ақшасы бар сейфті ұрлап кеткен. Қылмыс жасалған кезде пәтер иелері демалыста болған. Үй иесі жеке кәсіпкер болып шықты. Сейфте 250 мың доллар болғаны белгілі болды.
“Жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны тығып қойған. Айғақ заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Күдікті ұрланған ақшаны көңнің арасына жасырып қойған.
Полиция басқармасы өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар:
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61