Bugin

Қытайда Шыңжаң қазағы Құран оқығаны үшін ұсталған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шыңжаңда Құранды нақышына келтіріп оқыған 56 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы қазақстандық "Атажұрт" ұйымының жетекшісі Бекзат Мақсұтхан мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Шыңжаңда қазақ Құсман Рехим 14 шілдеде ұсталған. Оның қамалғаны тек 24 тамызда белгілі болды. Оны ер адамды діни мереке кезінде таныстарының үйінде киелі кітапты оқыды деп айыптаған.

Тінту кезінде оның үйінен Құран кітабы табылған.

Бұған дейін Шыңжаңда діни әрекеті үшін 61 жастағы Бақытхан Мырзан сотталғаны белгілі болған еді. Ол биыл көктемде түрмеде көз жұмған.

БҰҰ есебінше, Қытай билігі 2017 жылдан бері лагерьлерге бір миллион ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылманды қамаған. 

Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаңдағы мұсылмандарға "геноцид" жасады деп айыптады.

Қытай билігі мұның бәрін жоққа шығаруда. 

Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим неге күшіне енбеді

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді