Bugin
Қарағандыда ірі ұйымның банк шотынан 60 млн теңге ұрлауға қатысы бар облыстың 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Мұны Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Интернет желісінде алаяқтар ірі компания бухгалтерлерінің компьютеріне кіру үшін хакерлік бағдарламаларды жиі қолданады. Мысалы, Қарағанды қаласында ірі ұйымның банк шотынан 60 млн теңге ұрлауға қатысы бар облыстың 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол ұрлық жасау үшін қауіпті бағдарлама қолданған. Оның қатысушыларын, сондай-ақ олар жасаған басқа да қылмыстарды анықтау шаралары қабылданды", - дейді Рүстем Дүйсетаев.
Сондай-ақ алаяқтық жолмен алынған ақшаны қолма-қол қаржыға айырбастап, қылмыскерлерге көмектескен Ресей азаматы ұсталған.
"Ақмола облысының полиция департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық жасаған кезде азаматтардан ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен. Аталған күдіктінің 25 қылмыс жасағаны әшкереленді, жалпы шығын 100 миллион теңгеден асады", - деді Рүстем Дүйсетаев.
Ұқсас жаңалықтар:
Билік басшыларын қорқынышта ұстаған әйгілі компьютер "серкелері" кімдер?
"Apple, Nokia компаниялары зардап шеккен": Әлемдегі ең қауіпті хакер өмірден өтті