Bugin

Аудан әкімі балаларына мектеп формасы үшін қанша қаражат жұмсағанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жетісу облысы Көксу ауданының әкімі балаларын оқу жылына дайындауға қанша қаражат жұмсағанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

47 жастағы Марлен Көлбаев жұбайымен сегіз бала тәрбиелеп отыр. Бүгінде ұлдарының екеуі Алматыдағы жоғары оқу орындарында, тағы төртеуі жергілікті орта мектептерде білім алып жатыр.

"Қызым тұрмысқа шықты, бөлек тұрады. Одан кейінгі екі ұл - студент. Олар университетте грантпен оқиды. Ал төртеуі мектепке барады, 9, 8, 5, 3-сыныпта оқиды. Ең кенжесі балабақшада. Алтауына биыл 500 мың теңгедей қаражат кетті. Менде көбісі ұл болғандықтан, кішілері үлкендерінің былтырғы формасын киеді. Бұл жақсы", - деді әкім.

Оның айтуынша, бұл шығынға мектеп формасы ғана емес, кеңсе тауарлары да кірген.

Айта кетейік, Көксу ауданы әкімінің жалақысы 750 мың теңгені құрайды.