Bugin

Қостанайда 9 жастағы қызды тоқ соғып, ауруханаға түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанай облысында жастарға арналған көңілді думанның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Көбік кешінде 9 жастағы қызды тоқ соғып, ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 25 тамызда Ұзынкөл ауылында болған. Жапа шеккен бала қазір аудандық ауруханада жатыр. Дәрігерлер қыздың жағдайына қатысты ресми хабар берген жоқ. Полиция дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр

"Сот алды тергеу ҚР қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-тармағы бойынша жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері басталды. Тиісті сараптама тағайындалды", – деді ПД баспасөз қызметінің бас маманы Бауыржан Қасымхан.