Bugin

Қазақстанда ережесіз жекпе-жек көрсетіліміне шектеу енгізіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі елде ережесіз жекпе-жек көрсетіліміне шектеу енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Министрдің айтуынша, бұл шара ел ішінде зорлық-зомбылық деңгейін азайтуға әсер етеді. 

"Себебі мұндай бағдарламаларды көрген оқушылар әдіс-тәсілдерді өзгелерге қарсы қолданады. Кейде өзіміз байқамай зорлық-зомбылықты WhatsApp арқылы таратамыз. Мысалы, қыздар төбелесіп жатқан немесе ұлдар бір-бірін ұрып жатқан видеоны басқа адамдарға жібереміз. Ал зорлық пен қатігездік дәл осындай жауыздық туындауына себеп болады", – деді ол.