Bugin

Елордада ер адам танысын өлтіріп, автобусқа отырып кетіп қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

26 тамызда Уәлиханов көшесінде "Артем" сауда үйінің маңынан ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордалық полицияның жеке құрамы қылмыскерді іздестіріп жатыр. Белгілі болғандай, екі ер адамның арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Бірі екіншісін жерге жығып, пышақтап кеткен. Қылмыскер қашып үлгерген. Зардап шеккен азамат сол жерде көз жұмған.

"Қылмыс куәгері полицейлерге күдікті қай жаққа қашып кеткенін айтқан. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа отырып кеткенін анықтап, соңынан қуды", – деп хабарлады Tengrinews.kz-ке Полиция департаменті.  

Күдікті Лесозавод ауданында ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.