ДАМУ
Томас Альва Эдисон — америкалық өнертапқыш. Ол электр энергиясын өндіру, жаппай байланыс, дыбыс жазу және кино секілді салада көптеген құрылғы ойлап тапқан. Bugin.kz порталы ғалымның бала күнінде болған ерекше оқиғаны ұсынады.
Бір күні кішкентай бала мектептен үйіне оралып, анасына мұғалімнің хатын тапсырады. Анасы кенеттен жылап, ұлына хатты дауыстап оқыды:
"Сіздің ұлыңыз — данышпан. Бұл мектеп ол үшін тым кішкентай және оған білімі бере алатын мұғалімдер жоқ. Өтінемін, оны өзіңіз оқытыңыз", - деп жазылған екен.
Арада бірнеше жыл өтіп, отбасылық мұрағатты қарап отырған азамат әлгі хатты тауып алады. Ол кезде анасы өмірден озған еді.
Хатты ашқанда:
"Сіздің ұлыңыздың ақыл-есі кем. Біз оны мектепте оқыта алмаймыз. Сондықтан өзіңіз үйден білім беруге кеңес береміз", - деген сөздерді оқыған оның көңілі босайды. Бірнеше сағат бойы жылайды.
Содан кейін ол өзінің күнделігіне:
"Томас Альва Эдисон ақыл-есі кем бала еді. Батыр анасының арқасында ол өз дәуірінің ең ұлы данышпандарының біріне айналды", - деп жазады.
Иә, бұл баланың есімі Томас Эдисон болатын. Оның аты ғасырдың ең ұлы өнертапқышының бірі ретінде тарихта қалды.
Расында, адам өмірінде ана мен әкенің орны бөлек. Оған Эдисонның осы оқиғасы дәлел.