Bugin
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгінгі Үкімет отырысында министрліктің неліктен 1 миллион теңгеге орындық сатып алғанын түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл жерде ненің соншалықты сенсация екенін білмеймін. Министрлік қызметкерлеріне 15 креслоны 1 миллионға сатып алдық. Орындығы бұзылғандарына алдық. Олар жай ғана ауыстырылды. Бір орындық 75 мың теңге болып шықты", - деді министр.
Оның айтуынша, министрліктің орындықтары кейінгі 9 жылда ауыстырылмаған және бұл сатып алу алдын ала жоспарланған.
"Бұл – жай ғана кәжеттілік. Бұрынғысы істен шығып, алу кажет болды", - деді Алмасадам Сәтқалиев.