Bugin
Елдің бұрынғы президенті Асқар Ақаев Қырғызстанның Украина-Ресей соғысында Ресейге жақтасуы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды bugin.kz порталы ресейлік RT-ге сілтеме жасай отырып.
"Қырғызстан - Ресейдің одақтасы. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі ретінде, ҰҚШҰ мүшесі ретінде, әрине, Ресейді қолдауы керек деп айтқым келеді. Ресей бүгінде қолдауға мұқтаж. Одақтас осындай қиын күндерде сыналады", - деді бұрынғы басшы.
Сонымен қатар заманында тақтан тайған Қырғызстан презиеденті:
"Мен Батыстың екі ортаға килігіп, Украинаны Ресейден және ТМД – дан қалай ажырата бастағанын жақсы білемін", - деп мәлімдеді.
Орайы келгенде айта кетейік, Қырғызстан билігі Ресейдің Украинаға қарсы ашқан соғысына келгенде бейтараптықты ұстанады.