Bugin
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталып кеткен вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қазір қайда екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Вайнерлер қазір қамауда.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыпталушылар (тергеудегілер) үкім заңды күшіне енгенге дейін аралас қауіпсіздік мекемесінде болады. Қазіргі уақытта аталған адамдардың үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады ІІМ ҚАЖК.
Еске салайық, вайнерлерге қатысты қаржы пирамидасы ісі бойынша сот басталғанын хабарлаған едік.