Саясат
Олимпиада чемпионы
Қалалық Полиция басқармасының хабарлауынша, криминалды полициясы басқармасы мен Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстаған.
Күдікті бұған дейін 3 рет осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.
«Ол бір жерде екі рет қылмыс жасағанын мойындады. Қылмыстық іс бойынша айғақ заттар күдіктінің тұратын мекенжайынан табылып, іс материалдарына тіркелді», - деді полиция департаментінен.
Айта кету керек, бұл деректер бойынша іс ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді.
Қылмыскердің ұрлық жасаған сәті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Полиция мүлік ұрлығына қатысты қылмысты азайту мақсатында адам көп шоғырланған жерлерде жедел-профлиактикалық іс-шараларды белсенді жүргізіп келеді. Сол шаралардың нәтижесінде 4 мың 651 адам ұсталып, 118 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.
Автокөлік бөлшектерін ұрлаған 403 адамның ішінде 37-сі айна ұрлаумен айналысып келген. Олардың 7-і бұрын сотталған.
Ұрланған затты саудаламақ болған 16 адам істі болды. Осындай сауда нүктелерінен 51 бүйір айнасы, 7 автомагнитола, 14 тұманға қарсы фар табылған.