Bugin

Министр 1 қыркүйек қарсаңында ата-аналар мен оқушыларға үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Білім күні қарсаңында мұғалімдер мен ата-аналарға, сондай-ақ оқушыларға үндеу жасады. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарланды.

Шәріпханов ТЖМ халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық беріледі.

"Министрлік төтенше жағдайларды жоюдың алдын алуға көшу бағдарламасын қабылдады. Мен оқушыларымызды осы бағыттағы сауаттылықты арттыру бастамасына қосылуға шақырамын. Біз апаттарға төтеп беріп, сауаттылығымызды арттыруымыз керек. Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керегін, төтенше жағдайлардың алдын алуды білуі қажет", - деді министр.