Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сайрамдағы тас жолда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме беріп.

Түркістан облысында жол апатынан бірнеше адам көз жұмды. Оқиға 28 тамызда түнде, Сайрам ауданындағы Ақсукент-Қарамұрт тас жолында болған.

"Жедел шақыру" бағдарламасының хабарлауынша, "Киа" көлігі "ЗИЛ" көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан Kia көлігінде болған 3 адам оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61