Bugin

Оралда тоғыз қабатты үй өртеніп, 2 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орал қаласында 9 қабатты үй өртеніп, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 31 тамыз күні сағат 05.19-да Х.Есенжанов көшесі 1/1-мекенжайында болды.

"Өрт сегізінші қабаттағы қосалқы үй-жайдан басталған. Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам құтқарылды. Оған қоса, 27 адам эвакуацияланды. Пәтерлердің бірінен улану белгілерімен 1973 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. 1979 жылғы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. "Тілсіз жау" сағат 06:09-да оқшауланып, 06:34-те толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, келген шығын анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61